Қыркүйек 30-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қыркүйек 30-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Жемісті өңдеу жемістірек.

Оңтүстік өңірлерде қазір алма, қараөрік, жүзім секілді жемістерді жинау науқаны қызып тұр. Жыл сайын бағбанның басын ауыртатын мәселе – жиған-тергенін тиімді бағаға сату. Ас арқаудың түсіру тобы болған шаруашылық бұл мәселені өз күштерімен шешкен. Жеміс бағын өсіретін шаруашылық 3 жыл бұрын зауыт салып, жемістен шырын дайындайды.Толығырақ келесі материалымызда.

сбор яблок
Recogiendo la manzana, Nicanor Piñole (Museo de Bellas Artes de Asturias, Oviedo)

2. Алма піс- ауызыма түс. Жамбылдық бағбандар кооперацияның жемісін жемек.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру шарасы ауылдағы халықты жұмыспен қамту мәселесін де шешуді көздейді. Халқының 60 пайызға жуығы ауылды жерде тұратын еліміз үшін бұл өте өзекті.
Осы ретте Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегімен құрылып жатқан жаңа кооперативтер ет, сүт өндірумен бірге осындай маңызды әлеуметтік жүкті де көтеріп отыр.

72343_b0

3. Фермерге кенес: Бал арасын қалай өсіреміз.

Ара балы мен балауызының пайдасы туралы сөз қозғаудың өзі артық. Дегенмен көпшілігіміз ара балын өсірудің қаншалықты тиімді агробизнес екенін біле бермейміз. Ал омарташылар еңбекқор жәндіктің көмегімен жақсы пайда табуға болатынын айтады. Әріптесім Дархан Кәрім омартаға барып ара балын өсірудің, балды қалай алудың әліппесін үйреніп қайттым дейді.

мед

4. Мақсары мақтанышымызға айналды.

Қазақстан мақсары өндірісі жағынан әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында тұр. Тағамға, химия өнеркәсібінде, медицинада тағы басқа салада қолданылатын дақылды өсірумен бірге оны өңдеу жағына да ден қоя бастадық. Мәселен Жамбыл облысындағы мақсары майын өндірумен айналысатын кәсіпорын өнімдерін Қытай мен Ресейге экспорттаушыға айналған.

жамбыл облысы