Қыркүйек 17-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қыркүйек 17-ші күні, сағат 10.30 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Талғам таразысында қалбырдағы жүгері.

Бұл дақыл мұхиттың ар жағындағы Америкадан келгенімен, кеңес кезінде елімізге кең тарап кетті. Жүгері мал шаруашылығында ғана емес, күнделікті тағамға пайдаланатын сүйікті дақылымыздың бірі.Мерекелік дастарқан мәзірінен міндетті түрде табылатын қалбырдағы жүгеріні Талғам таразысына тартқан едік. Және оның нәтижелерін дәл қазір біле аласыздар.

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Тараздағы сүт кооперативі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейтін халық даналығын қазір кең тараған кооперация үдерісіне қатысты айтуға болады. Әсіресе екі қолға бір күрек таппай қиналған ауыл адамдары үшін кооператив агробизнесін бастаудың баспалдағы іспетті. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының демеуімен құрылған Жамбыл облысындағы жаңа кооперативтің мүшелері осылай деп отыр.

3. Таңсық технология: Күрішті тамшылатып суғарамыз.

Ғылым кейде кереғар ұғымдардың басын қосуға болатынын паш етіп келеді. Мәселен суда өсетін күрішті тамшылатып суғару арқылы өсіруге бола ма? Ал оған қажет қуатты күннен алса ше? Алматы облысындағы тәжірибелік жобаға қатысушылар бұл әбден болады деп отыр. Әріптесім Дархан Кәрім таңсық естілетін технологияны көзімен көріп қайтпақ болып жолға шыққан еді.

4. Еткен еңбек еш кетпейді: Алматы облысының фермерлері нарыққа жол ашуда.

Тамыз айының басында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында құрылған жергілікті фермерлердің өндірістік кооперативі алғашқы өнімін жинады. Ұжымдасып еңбек еткен фермерлер биыл 100 гектар жерді игеріп бұрыш, қияр, помидор және кәді сияқты көкөніс түрлерін еккен. Және кооператив жиған-терген өнімін Алматыда еркін саудалауға мүмкіндік алыпты.