Қараша 7-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қараша 7-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Солтүстіктегі егін орағынан репортаж.

Ауа-райын болжау қызметі биыл күздің қарасуығы ерте түседі, қыстың алғашқы ызғары әдеттегіден бұрын сезіледі деп отыр. Бұл қыркүйек туа егінге орақ салған диқан қауымын мазалайтын жаңалық. Дегенмен Ақмола облысының фермерлері 4 млн 300 мың гектар алқапқа егілген қызыл дән қар астында қалмайды деп сенімді отыр. Теріскейдегі егіс даласынан жеткен репортажымызға назар аударыңыз.

2. Павлодарлық шаруалар кооперативті не үшін тандады?

Павлодар өңіріндегі қосалқы үй шаруашылығындағы жандар соңғы кездері кооперативке бірігу туралы жиі сөз етіп жүр. Өйткені Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының мұрындық болуымен кооператив құрған жандардың табысы көз алдарында. Успен ауданында орналасқан сондай кооперативтің бірінде Ас арқаудың түсіру тобы болып қайтқан еді.

3. Талғам таразысында майлылығы 9 пайыздық сүзбе.

Гастропсихология ғылымына сенсек, ірімшікті бірқалыпты әрі ұрыс-керісті ұнатпайтын адамдар ұнатады екен.
Дегенмен Ас арқаудың талғам таразысында дәм мен сапаға қатысты пікір қайшылығы міндетті түрде болады. Бүгін Ас Арқау дүкендегі майлылығы 9 пайыздық сүзбенің ең үздігін сараптайды.

4. Биыл елімізде картоптан мол өнім алынуда.

Күздің алғашқы айында астықпен бірге картоп секілді бақша дақылын жинау науқаны да қызады. Биыл ел бойынша 190 мың гектарға картоп егілген. Жыл сайын орташа 3 жарым млн тонна өнім жиналады. Мамандардың айтуынша, елдегі өсірілетін картоп ішкі қажеттілікке артығымен жетеді. Бірақ соған қарамастан неге маусымаралық кезеңде картоп бағасы қымбаттайды әрі оны көрші елдерден сатып алуға мәжбүрміз? Бұл сұрақтың жауабын әріптесім Мәриям Бейсенқызынан естіп білейік.