Қараша 21-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қараша 21-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Талғам таразысында баялды езбесінің сапалысын таңдаймыз.

Бұл көкөністі ұзақ жасаудың кепілі деп атайды. Ол жүрекке де, бүйрекке де, тіпті тіске де аса пайдалы. Олай болса бүгін Талғам таразысында баялды уылдырығы деп аталатын көкөніс езбесінің сапалысын таңдап көрелік. Дүкен сөрелеріндегі қаптаған өнімнің арасынан дәмдісі мен сапалысын таңдау үшін әріптесім Жазираға сөз кезегін беремін.

2. Кооператив — табысқа кенелудің төте жолы.

Табысқа кенелудің төте жолы-кооперативке бірігу. Елімізде биыл қарқын алған бірлесуден береке тапқан шаруалар осылай дейді. Себебі түрлі бағытта жұмыс істейтін өндірістік кооперативтерге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры нақты көмек көрсетеді. Тиімді несиеден бөлек мемлекеттің қарастырған субсидиясы да кооператив мүшелеріне демеу болады. Толығырақ тілші тарқатсын.

72343_b0


3. Еңбектің тәтті дәмі. Қызылша өндірісндегі оң өзгерістер.

Биыл көктемде бірқатар дақылдың қатарында қант қызылшасының да мемлекеттің қолдауына ие болатыны туралы хабарлаған едік. Нәтижесінде қызылша егілген егіс алқаптарының көлемі едәуір ұлғайды. Мәселен Алматы облысындағы „Ақөзек„өндірістік кооперативі биыл 60 гектар жерге қант қызылшасын екті. Түсім жаман емес — гектарынан 45-50 тоннадан өнім жинаған. Оны өткізу жағы да биыл шешімін тапты дейді шаруалар. Қант қызылшасы өндірісіндегі оң өзгерістер туралы әріптесім Мәриям Бейсен баяндайды.

sveklove_001


4. Етті әрі төзімді қалмақ сиыры.

Қалмақ сиыры. Мүйізді ірі қараның бұл тұқымы қуаң даланың климатына әбден бейімделген. Деректерге сүйенсек, қалмақ сиырлары табиғи сұрыпталу арқылы XVI-XVII ғасырларда қазіргі Моңғолия жерінде пайда болған екен. Өзі қызыл, сом денелі, ірі қараның етті тұқымына жатады. Сақылдаған сары аяз бен ми қайнатар ыстыққа да төзімді мал тұқымы туралы әріптесім Дархан Кәрім әңгімелейді.

kalmkor