Қараша 14-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қараша 14-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Майлы дақыл теріскейге жайлы дақыл.

Солтүстік Қазақстан — майлы дақыл өсіруден республикада алдына қара салмайтын облыс. Биыл өңірде 712 мың га алқапқа майлы дақылдар егілген. Және жекелеген шаруашылықтар рапс секілді майлы дақылдың әр гектарынан 30центнерден өнім алып рекорд орнатуда. Бидайдан үш есе қымбат майлы дақыл түрлерін өсіруді игерген солтүстік қазақстандық диқандардың тәжірибесі жайлы толығырақ Дархан Кәрім әңгімелеп береді.

2. Бірлесудің берері көп.

Тиімді агроөнеркәсіп әріптестіктен құралады. Оның жарқын үлгісі – ауыл шаруашылығы кооперациялары. Бүгінде агробизнестің бұл үлгісі қаржы тарту және өндірісті оңтайлы ету жағынан жақсы мүмкіндіктер ұсына алады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қолдауымен құрылған кооперативтердің бірінің тәжірибесі туралы тілшіміз баяндайды.

3. Көкөніс өңдеу көгермей тұр.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің әлемдік өндірісі 800 млн тоннаны құрайды. Бұл нарықтың сүбелі бөлігі Қытайға тиесілі — 41 пайыз. Ал Қазақстанның әлем нарығындлағы үлесі бір пайызға да жетпейді. Басты бір себеп елімізде көкөніс өңдеу жағы артта қалған.140 мың гектар жерден жиналатын көкөністің 10-15 пайызы ғана өңделеді. Тақырыпты әріптесім Мәриям Бейсен жалғастырады.

4. Алматының апорты қайта жанданады.

Алматының атауы оны әлемге әйгілеген алмасымен тығыз байланысты. Бірақ исі мұрын жаратын, дәмі таңдайдан кетпейтін Алматының апортының көзден бұл-бұл ұшқаны қашан. Апортты қайта қалпына келтіру туралы талай мәрте биік мінбелерден айтылғанымен нәтижесі шамалы.
Қаланың атына заты да сай болуы керек деп шешкен екі алматылық жас кәсіпкер Алматының алма бағын қалпына келтіруді көздейтін жобаны қолға алған. Толығырақ тілшіміз баяндайды.