Қазан 4-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қазан 4-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Талғам таразысында шоколад.
Бала кезде көбіңіз кондитерлік фабрикасында жұмыс істеуді армандаған боларсыздар. Өз басыма ыстық тәтті шоколад жасау өмірдегі ең тәтті жұмыс сияқты көрінетін. Әріптесім Жазира Берғалиева талғам таразысында шоколадтың сапалысын таңдап қана қоймай, тәтті дәмін татып көрген екен.

how-useful-bitte-dark-chocolate

2. Тыңайтқышқа берілетін субсидия тиімді ме?
Тыңайтқыш мол өнім кепілі десек те, елімізде тыңайтқыш өндіру де оны қолдану да әлі төмен деңгейде қалып отыр. Басты себеп — оның қымбаттығында. Биыл үкімет жерін тыңайтқышпен өңдеген диқандарға субсидия берудің жаңа тетігін ұсынған. Дегенмен фермерлер бұл бағытта әлі шешімін таппаған мәселе көп деп отыр.

72343_b0

3. Майлы дақыл еккендердің көңілі жайлы.
Биыл үкімет бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық бергені белгілі. Яғни, үкімет белгілеген дақылдардың егіс көлемін арттырған фермерлерге қолдау көрсетілді.
Аграрлық саладағы өзгерістерден құлағы түрік жүретін фермерлер бұл қолдаудың пайдасын көргендерін айтады. Солардың бірімен тілдесіп қайтқан тілшіміз әңгімелейді.

27612

4. Ешкі сүтінен қымыз дайындайтын кооператив.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру — ауылдағы жұмыссыздықты азайтып, тауарлы ет, сүт өндірістерін қалпына келтіруді көздейді. Бірлесіп өндіріс құрамын деген шаруаларға мемлекет Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы демеу көрсетуде.
Бұған Ас арқаудың түсіру тобы болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы ет бағытында істейтін Әділет 1 өндірістік кооперативінің тарихы дәлел. Жақында кооператив мемлекеттік компанияның қолдауымен құрал-жабдық алған.