Қазан 25-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қазан 25-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Тың салаға түрен салғандар.
Агроөнеркәсіп кешенінде тың саланы игерудің тәуекелдерімен қоса толымды табыс әкелетін тұсы да бар. Мұны елімізде тұңғыш рет күркетауық етін өндіру және оны өңдеуді қолға алған кәсіпорынның тәжірибесі дәлелдейді.Оңтүстік Қазақстандағы компания бүгінде экспорттық көкжиегін кеңейтуде. Және осы бағытта жергілікті шаруалардың кооперацияға бірігуіне, яғни кешенді аграрлық шаруашылықтардың құрылуына мұрындық болуда.

2.Күш бірлікте дейді ақмолалықтар.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының даму драйверіне айналып келеді дейді мамандар. Соңғы кездері аграрлық салаға инвесторлардың қызығушылығы артқан. Өз кезегінде мемлекет бұл саланы ішкі ресурстар есебінен  көтеру мақсатында кооперация бағытын қолға алғаны белгілі. Күні бүгінге дейін елде құрылған кооперативтер 44 мың тонна сүт пен 13 мың тонна ет өндіріп үлгерген.

3. Аузымыздан ақ май қашан ағады? Сүт тапшылығы назарда.

Жыл сайын Қазақстанда 1 жарым млн тоннаға жуық сүт өңделеді. Ал ішкі сұранысымыздың көлемі 5 млн тонна. Сонда қажет шикізаттың 70 пайыздан астамын шетелден сатып алуға мәжбүрміз. Өзімізде өндірілетін сүттің 90 пайызының сапасы төмен. Мұндай жағымсыз деректер жуырда Астанада өткен ІІІ Сүт конгрессінде жария болды. Тығырықтан шығудың жолы қандай деген сауалды мамандарға қойған Мәриям Бейсенқызына сөз кезегін беремін.

4. Ауыл әйелдері кооперацияны қолдайды.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ауылдағы екі ең басты түйткілді шешуі тиіс. Біріншіден, ауылды жердегі  жұмыссыздықты жою, екіншіден ұсақ шаруаларды біріктіру арқылы тұрақты өнім көлемімен қамтамасыз ететін іргелі  шаруашылықтар құру.

ҚазАгро Ұлттық Холдингінің еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы орайда кооперативке  біріккен шаруаларға демеу көрсетіп отыр. Мемлекет пен жекенің осындай жемісті әріптестігінің кезекті мысалы туралы тілшіміз әңгімелейді.