Қазан 18-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қазан 18-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Талғам таразысында бұқтырылған ет.

Бұл өнімді көпшілік майлылығы, түрлі қоспалардан тұратыны және ең бастысы сапасы күмәнді еттен жасалатыны үшін жақтыра бермейді. Бірақ қалбырдағы бұқтырылған ет ас әзірлеуге кететін уақытыңызды едәуір үнемдейтіні даусыз.Ең бастысы оны дұрыс таңдау қажет. Сапалы өнімде тек ет, май және дәмдеуіштер ғана болуы шарт. Әріптесім Жазира Талғам таразысына түскен бұқтырылған ет өнімдерінің қайсысы осы талапқа сай келетінін білген еді.

IMG_20160902_105635_800x600-700x525

2. Жылыжайдың жайы бөлек.

Соңғы жылдары көкөніс нарығындағы өліара кезең мен жаздың жылы мезгілдеріндегі баға айырмашылығы қысқарып келеді. Бұл бірінші кезекте жылыжай аумағының ұлғаюымен байланысты.Бұл ретте жылыжайлар астанасы атанған Шымкенттің орны бөлек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жабық жерде көкөніс өсіруді қолға алғандардың қатары көбеюде.

e5faaaa2978d1603ad05c08f269

3. Тиімді технология пияз өнімін екі есеге өсіреді.

Тиімді технология қай салаға да керек ақ. Әсіресе тәуекелі басым аграрлық салада жаңа технологиялар өнімділікті арттыру арқылы табыс табуға таптырмайтын көмекші.Алматы облысында пияз өсірумен айналысатын шаруашылық биыл израилдік технологияны қолдану арқылы бұрын соңды болмаған өнімділікке қол жеткізген. Тақырыпты тілші тарқатады.

Three onions on a white background.

4. Атыраулықтар кооперативтің қызығын көре бастады.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, қазан айының басындагы мәлімет бойынша елімізде ет және сүт бағытындағы 745 кооператив құрылған. Кооперация аясында жер-жерде 102 мыңнан астам мал ұсталатын 6 159 отбасылық бордақылау алаңдары пайда болған. 56 мыңнан астам жеке шаруа кооператив мүшесі болып тұрақты табыс көзін тауып отыр. Және бұл көрсеткіштердің қомақты бөлігі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жемісті еңбегінің еншісі деуге болады.

1431925031_fond1