Қазан 11-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Қазан 11-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

Жеміс — көкөніс өсіру және өндеу технологиялардын көрмесінен репортаж.

Жақында Орталық Азия сауда форумының аясында сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторының өсу келешегі деген атпен көрме өтті. Бұл шараның маңыздылығы сол, көрмеде жеміс пен көкөніс өнімдерін өсіруден бөлек оны сақтау, өңдеу және тасымалдауға қатысты инновациялық технологиялар таныстырылды. Шарада болып қайтқан әріптесім Жазира Берғалиева әңгімелейді.

6bd6edc2a4e57120c15c9de6480845d0_resize_w_830_h_465

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кооперация тәжірибесі.

1431925031_fond1

Бұқтырылған түйе етінен дәмін тататын күн алыс емес.

Қазақстанда түйе шаруашылығы өркендейтін күн алыс емес. Әзірге бұл саланың берері тек — сүт қана. Ал етіне сұраныс жоқ. Себебі, түйе еті өңделмейді және күнделікті тұтыну көрсеткіші де мәз емес. Алайда, әріптесім Мәриям Бейсенқызы жағдай таяу уақытта түбегейлі өзгеруі мүмкін дейді.

camel-family

Майлы дақылды өндеу өркендеуде.

Солтүстік Қазақстан – еліміздегі майлы дақылды көп ең өсіретін
өңір. Қызылжардың климаты қолайлы, топырағы құнарлы. Жыл сайын жүздеген ірілі-ұсақты шаруа қожалық құйқасы жұқармаған мыңдаған гектар жерге майлы дақылдар егеді. Сондықтан дәл осы аймақта шетелдік инвестордың қатысуымен май өңдейтін заманауи зауыттың бой көтеруі қисынға саяды.