Қазанның 5-і күні «Ас-арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

Қазанның 5-і күні, «Хабар» арнасынан «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.

Қиярды дұрыс тұздау керек! «Ас-Арқау» тілшісі бізге белгілі дәстүрлі әдіспен қиярды қалай маринадтау қажет екенін көрсетіп қана қоймай, оған қандай дәмдеуіштерді қосуға болмайтынын және кімдерге тұздалған қияр жеудің зиянды екенін де айтып береді.

Марапатқа лайық майлы дақыл. VIII ғасырда өмір сүрген француз королі Ұлы Карл ерекше құрметке лайық деп тапқан отандастарын медаль орнына зығырдың майы және дәнімен марапаттаған.
Ал осы дақылды өсіретін фермерлер зығырдың экономикалық пайдасын ерекше атайды. Оны жинау науқанына қатысқан тілшіміз зығыр мен оның майына қатысты көрген-білгенімен бөліседі.

Жылыжайға жылы жағдай. Жаңа технологиямен жарақтанған 8 гектар жердегі жылыжай 24 гектарлық кешеннен де көп өнім береді. Және ондай жылыжай құрылысына қажет қаржыны «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі ең тиімді шартпен береді. Қарағанды облысындағы жаңа жылыжайдың жағдайымен кеңірек танысқыңыз келсе «Ас-Арқауды» өткізіп алмаңыз

«Ағайындылардан» салат. Өнерпаз топ мүшелері бір отбасынан шыққан ба? Олардың ең сүйікті әндерін тыңдап, қиярдан қандай салат жасауға, болатынын білгіңіз келсе «Жұлдыз мәзірін» қараңыз.