Шілде 9-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Шілде 9-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Табысы көлдей хан балығы

Соңғы жылдары сауда орындарынан жергілікті әралуан балық түрлерін сатып алуға болады. Және олардың бағасы да қолжетімді.

Мұның себебін балық өсіру отандық агробизнестің басым бағыттарының біріне айнала бастағанымен түсіндіруге болады.

2.Жүгері үлпектерін өзімізде өндіреміз

Көшедегі кептелістен жұмысқа кешігіп қалмауды уайымдайтын қала халқының таңғы ас дайындауға уақыты бола бермейді. Мұндайда тез әзірленетін әрі қуаты мол ас қажет.

АҚШ та кең таралған жүгері үлпектері бізде де оқушылармен бірге ересектердің оразасын ашатын тағамына айналды. Үш жылдан бері мұндай өнім өзімізде де жасалуда.

3. Біздің көрме: Эксподағы жасыл агробизнес

Биылғы жаз Қазақстан үшін ЭКСПО көрмесінің аясында өтіп жатыр деуге болады. Ең алғаш ЭКСПО көрмесі бір ғасырдан астам уақыт бұрын Лондонда ашылған. Дәл сол кезде көрмеге келушілер дүниежүзіндегі тұңғыш телефонды көрген еді. „Жасыл„ экономика және қуат ұранымен өтіп жатқан Астанадағы ЭКСПО көрмесінде де көпшілікке ұсынылатын жаңалықтар жетерлік. Және солардың бірқатарын Қазагро Ұлттық холдингінің павильонынан байқап қайтқан тілшіміз әңгімелейді.

4. Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін қалай алуға болады?

Мал басын асылдандыру үшін шетелден асыл тұқымды мал әкелу жеткіліксіз. Мал басының тұқымын жақсартумен айналысатын шаруашылықтарды көбейтіп, оларға жүйелі мемлекеттік қолдау жасаудың тетіктерін қалыптастыру керек.

Мұны түсінген отандық кәсіпкерлер соңғы кездері ғалымдармен бірігіп, асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін тағайындау және ондай шаруашылықтарды есепке алу жұмысын бастаған еді.

5. Тәтті мереке: балмұздақ фестивалі өтті

Белортасына келіп, енді қызған жаз мезгілі аптап ыстығымен бірге мұздай суық балмұздақпен тікелей байланысты.

Сол себепті жақында балмұздақ өндірушілер дәстүрлі балмұздақ фестивалін өткізген еді.