Шілде 30-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Шілде 30-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Сиыр етінен дайындалған шұжықшаларды таңдаймыз

Бұл ет өнімін дайындау көп еңбекті қажет етеді. Алдымен етті жентектеу қажет. Сосын оған түрлі дәмдеуіштер қосылады. Одан кейін қалыпқа салынып, пісіріп алу керек. Көпшілігіміз ұнататын шұжықша осылай дайындалады. Ас арқау бүгін талғам таразысына сиыр етінен дайындалған шұжықшаларды тартады. Құралай сәлем, сөз кезегі өзіңде.

2. Майлы дақыл еккендердің қанжығасы майланбақ

Биыл Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі майлы дақылдардың егіс көлемін өсірген фермерлерге қолдау көрсетуде.
Осылайша ел үкіметі әртараптандыру аясында майлы дақылдар мен бұршақ тұқымдастардың алқаптарын ұлғайтуды көздейді.
Әріптесім Мәриям Бейсен майлы дақылдарға көшкен фермерлерді қолдау тетіктері әралуан дейді.

3. Бекіре Шығыс Қазақстанға да жетті

Испанияда жылына жан басына шаққанда жүз келі балық жейді, Жапонияда жетпіс екі келі, ал көрші Ресейдің тұрғындары тұтынатын балық мөлшері жан басына шаққанда жиырма бес келіден айналады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына небары екі келіге жетер жетпес. Отандық ғалымдар бұл олқылықтың орнын тезірек толтыру қажет деп санайды. Хан балығын қолдан өсіргісі келгендерге Қазагроқаржы ұлттық компаниясы қаржылай қолдау көрсетуге әзір.

4. Жылыжайдың жайы бөлек

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылындағы 2 жыл бұрын жаңа инвестордың келуімен қайта жанданған жылыжай жайында әнгіме болмақ

5. Маман бәрін шешеді. Аграрлық салаға қандай маман қажет?

Мемлекетке инновациялық жаңалықтарды игерген және оны өндіріске енгізуге қабілетті жастар керек. Бұл талаптың ауыл шаруашылығына да тікелей қатысы бар. Ал соңғы жылдары қандай аграрлық сала мамандарына сұраныс артты? Маман тәрбиелеуде білім ошақтары қай бағыттарға басымдық беріп отыр? Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.