Шілде 23-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Шілде 23-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Субсидия алудың сыры

Агроөнеркәсіп қашан да тәуекелі тым жоғары сала боп саналады. Сол себепті үкімет тарапынан фермерлерге субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Алайда биылдан бастап субсидия жүйесіне бірқатар өзгерістер енді. Және бұл өзгерістер көптеген фермердің көкейінде көкейкесті сұрақ туындатып отыр. Әріптесім Дархан Кәрім бұл бағыттағы жаңалықтар жайлы ең өкілетті мамандардан жауап алған еді.

2. Шетке сататын қой етіне қандай талап бар?

Жақын уақытта қой етінің экспорты күрт өсуі мүмкін. Қазақ даласында жайылған қойды Парсы шығанағы елдерінен бөлек Қытай, Иран секілді елдер экологиялық тазалығы үшін сатып алғысы келеді.
Дегенмен отандық қой етіне қойылатын талаптар мен шектеулер де жоқ емес. Бұл талаптарды орындау қаншалықты қолдан келер іс екенін және оның тиімді болар-болмасын жіліктеген тілшімізге сөз кезегін беремін.

3. ҚазАгроҚаржы: жаңа техника жаңа ауыл шаруашылығының кепілі

Аграрлық саладағы ірі шаруашылықтардан бастап шағын шаруа қожалығына дейін бұл саладағы тәуекелдерден айналып өте алмайды. Көштен қалмау үшін техника мен технологияны жаңалау қажет, қаржы шығындарын оңтайландыруды шешуі тиіс. Бұл орайда мемлекеттік ҚазАгроҚаржы компаниясы фермерлер мен отандық агроөндіріс үшін сенімді инвестициялық әріптес болып тұр.

4. Мемлекет қызылшашыларға тітті өмір уәде етуде

Қант — импорттың үлесі басым тұрған азық-түлік түрі. Себебі тәтті шикізатты өсірушілер шығынын өтей алмай, бейнетінің кермек дәмін таттқандықтан дақылдың алқабы күрт кеміп кетті. Биылдан бастап бұл салада жағдай өзгерді. Қант қызылшасын өсірушілерді мемлекет қалай қолдайтыны туралы әріптесім Мәриям Бейсен әңгімелейді.

5. Таңқурай табысты жидек

Жаз — жеміс-жидегімен берекелі мезгіл. Әріптесім Құралай Әбенованың Талғар ауданындағы жидек өсіретін шаруашылыққа жолы түскен еді. Негізінен таңқурай өсіретін фермерден жидек түрлерін өсірудің қыр-сырын біліп қайтқан әріптесіме сөз кезегін беремін.