Шілде 2-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Шілде 2-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Талғам таразысында ультрапастерленген сүт
Орта есеппен жылына әрқайсымыз 290 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынамыз. Еуропамен салыстырғанда бұл екі есеге жуық төмен, Германия, Франция секілді елдерде жылына бұл көрсеткіш 400 келіден асады.Әріптесім Құралай Әбенова саннан гөрі сапаға мән беру керек деп санайды. Сондықтан бүгін ультрапастерленген сүт өнімдерін талғам таразысына тартады.

2. Құлпынай қып-қызыл табыс көзі
Күніне 100грамм құлпынай жесеңіз ағзаға С дәруменінің бір күндік мөлшері түседі екен. Демек, иммунитетіміз бен қан тамырларымызды күшейтіп алу үшін жаз бойы құлпынайға тою керек.Ал құлпынай өсіретін фермерлер үшін бұл тәп-тәуір табыс әкелетін агробизнес.

3. Отандық маргарин маңызды экспорттық өнім
Қазақстан үкіметі егіншіліктегі майлы дақылдардың үлесін арттыруға мүдделі. Бір ғана көрші Қытай соя, рапс, күнбағыс майларын бізден сатып алуға дайын.Дегенмен майлы дақылдарды шикізат күйінде сатқаннан көрі оларды терең өңдеу арқылы қосымша құны жоғары өнім алған әлдақайда тиімді. Ал мұндай өндіріс үлкен қаржы мен технологияны талап етеді. Бұл ретте отандық өндірушілерді ҚазАгроҚаржы компаниясы қолдауға әзір.

4. Сүт кооперативтері сүт тапшылығын шешуге қауқарлы ма?
Қазір сүт кооперативтерінің негізінде сүт өңдеуші кластерлер құру тәжірибесі қолға алынған. Сүт кооперативтері бұл мәселені шешуге қауқарлы ма және ондай бірлестіктердің жұмыс істеу тетіктері қандай болмақ деген сауалға жауап іздеген тілшімізге сөз кезегін беремін.

5. Әртараптандыру мен ірілену уақыт талабы.

Бұған дейін тоқыраудан қалай шығамыз деген шаруашылықтардың біразы бүгінде толымды табыс табу жағын ойлай бастады.Шаруашылықты әртараптандыру, ет, сүт өндіру және оны өңдеу отандық фермерлер үшін агробизнестегі басым бағытқа айналды.