Шілде 16-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Шілде 16-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Талғам таразысында алма шырыны

Жаз мезгілінде сусындар мен шырындарға деген сұраныс артады. Алайда сапалы шырынды таңдау оңай емес. Ең алдымен өнімнің қауіпсіздігіне қарау керек, өйткені арзан қағаз қораптар сусынның сапалы сақталуына кепілдік болмайды. Талғам таразысы айдарының тұрақты жүргізушісі Құралай Әбенова сарапшылармен бірге дәмді, сапалы алма шырынын қалай таңдау керектігін түсіндіреді.

2.Ауыл шаруашылығы министрлігі мен кәсіпкерлердің ұлттық палатасының көшпелі отырыстары

Агросекторға жаңа технологияларды енгізу мәселесі қазір өткір тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бірігіп жер-жерде осы мәселеге қатысты көшпелі отырыстар, фермерлермен кездесулер ұйымдастыруда. Соның бірі жақында Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан серіктестік аумағында өтті.

3. ҚазАгроҚаржы: жамбырлатып суғару технологиясы

ҚазАгроҚаржының жамбырлатып суғару секілді жаңа технологияларды қаржыландыру жобасы туралы толығырақ білесіздер.

4. Қауын, қарбыз қашан піседі?

Жаз мезгілі бақшада қауын-қарбыз пісіп, жеміс-жидекке қарқ болатын кез. Алайда биылғы ауа-райы бақша дақылдарының әдеттегі уақытында пісуіне кедергі келтіретін секілді.

Әріптесім Мәриям Бейсенқызы ғалымдармен кездесіп еліміздегі бақша шаруашылығының жай күйімен танысып қана қоймай, қауын-қарбыздың қашан пісетінін де біліп қайтқан екен.