«Таспадағы тарих». Рабиға Аманжолова

«Таспадағы тарих». Рабиға Аманжолова

«Таспадағы тарих». Рабиға Аманжолова — көрермен көзайымына айналған жүргізуші-диктор. Ол өзінің еңбек жолында қазақ телевизиясының дамуына сүбелі үлес қосты. Рабиға Аманжолованың кереметтілігі — оның сымбаттылығында ғана емес, ішкі жан дүниесінің әдемілігімен көрермендеріне жылылық сыйлай білуінде. Ол еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен, білімділігімен де көпшілік көңілінен шыға білді. Сұхбат барысында Рабиға Аманжолова қазақ телевизиясының тарихы, өзінің еңбек жолы мен шығармашылығы, ұстаздары туралы сөз етті. Бағдарламада журналист Ерлан Бекхожин, Марат Тоқашбаев, Ұлболсын Айтөлен, Әшірбек Көпіш, режиссер Раяна Хабибулина, Роза Жанчурина, әнші Өмірқұл Айниязов секілді елімізге танымал тұлғалар Рабиға Аманжолованың еңбек жолынан сыр шертеді.

От 19.06.18