«Таспадағы тарих». Жазушы Сұлтан Оразалы

«Таспадағы тарих». Жазушы Сұлтан Оразалы

«Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, жазушы Сұлтан Оразалы Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, он бес жылдан астам басқарды. Осы жылдарда оның қаламынан жүздеген әдеби телесценарийлер мен телепьесалар туып, көгілдір экранда көрсетілді. Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын» т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды. Ш. Айтматов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, С.Беғалин т.б. туралы «Сұхбат» сериясынан көрсетілген бейнефильмдері қазақ телевидениясының алтың қорына қосылған үздік шығармалар болып табылады. Бүл күнде кеңінен танымал «Айтыс» хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көп жылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. С.Оразалы ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. кайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес косты. «Бойында талабы бар, от пен суыққа төзетін адам ғана журналист бола алады. Журналистика үлкен жұмысты талап етеді», — дейді өзі.