«Таспадағы тарих». Алғашқы дикторлардың бірі Ләзиза Аймашева

«Таспадағы тарих». Алғашқы дикторлардың бірі Ләзиза Аймашева.

Ләзиза Аймашева – мәдениет қайраткері. Алматы медицина институтын, Абай атындағы ҚазПИ-ді (1968) бітірген. 1955-1959 жылы Қазақ КСР Мин. Кеңесінің ауруханасында дәрігер болып, сосын конкурстық негізде Қазақ Республика телевизиясына дикторлық қызметке ауысқан. 1964 жылы жоғары категориялы диктор, 1970 жылы жоғары дәрежелі режиссер атақтарына ие болды. 1971 жылы музыка редакцияның бас режиссері, ал 1977 жылы Қазақ теледидарының көркемдік жетекшісі болған. 1991 жылы Республика телерадио корпорациясының көркемдік жетекшісі болды. Оның шығармашылық галереясында қазақ теледидарының «Алтын қорына» енген 2-дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 20 жылдығына арналған 20 сериялы деректі фильм, «Батырдың Алтын Жұлдызы», «Маңғышлақ» атты фильмдер бар. Ол кезінде «Көгілдір экран» арқылы беріліп, көрермендер тарапынан жоғары баға алған «Кино туралы әңгіме», «Киносаяхат клубы», «Кино, уақыт, замандас», «Табиғат және біз» сияқты циклдік хабарлардың режиссері болды. 1970-1990 жылы Қазақ теледидарының белгілі болған дикторлары мен жүргізушілері одан тәлім алған шәкірттер. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.

От 05.06.18