Тамыз 27-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Тамыз 27-ші күні, сағат 10.30 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Бие сүтінен шоколад және балмұздақ.

Бие сүтінің пайдасын бәріміз жақсы білеміз. Саумал түрінде де, қымыз ғып ашытып та ішеміз. Бұл сусынның басты артықшылығы – құрамында семіздік, сусамыр, қатерлі ісік дертін тудыратын трансизомерлердің мүлде болмауында. Бұдан басқа да пайдасы жетіп артылатын бие сүтінен отандық ғалымдар шоклад және балмұздақ жасап отыр. Иә, қате естіген жоқсыз. Таңсық өнімдердің дәмін татып қайтқан әріптесім толығырақ айтып береді.

moroghenoe

2. Агропарк дегеніміз не?

Тәуекелі көп аграрлық салада тұрақты агробизнес қалыптастыру үшін өндірістен бастап өнімді сақтау оны өңдеу және өткізу тізбектерінен тұратын жүйе қажет. Және оның бір жолы агропарктер құру. ҚазАгро Ұлттық холдингінің еншілес компаниясының бастамасымен жақында ел аумағында түрлі бағыттағы осындай кластерлер жасау қарастырылған.

казагро

3. ҚазАгроҚаржы: тоқыраудан толымды табысқа жеткен кәсіп орын тарихы.

Қазақстан ірімшікті көп тұтынатын дәстүрлі елдер қатарына жатпаса да, кеңес кезінде елімізде көптеген ірімшік кәсіпорындары болғаны белгілі. Қазір еліміздегі ірімшік өндірісінің көлемі бұрынғы көлемнен әлдеқайда төмен.Дегенмен кезінде тоқырап қалған отандық кәсіпорындар ҚазАгроҚаржы компаниясының қолдауымен қайтадан табысты өндіріс орындарына айналуда. Солардың бірі Жамбыл облысындағы Бурный ірімшік зауыты.

sir1

4. Мал ұстасан қой өсір- пайдасы оның көл көсір.

Мал бордақылау кешендері еліміздің барлық аймағында бар. Және олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Өйткені үкімет ет өндірісін дамыту, ет экспортының әлеуетін арттыру мақсатында бірнеше бағдарлама қабылдаған. Мәселен мемлекеттің қоолдауымен Сыр өңірінде бір мезетте он мың қозы бордақылайтын кешен жұмыс істей бастады. Қазақстанда баламасы жоқ шаруашылықтың жұмысымен танысып қайтқан тілшіміз баяндайды.

v_bryanskoy_obl_uvelichilos_pogolovie_krs