Тамыз 20-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Тамыз 20-ші күні, сағат 10.30 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Шегірткемен кұресудін жаңа жолы.

Биылғы жаздың аптабының тағы бір салдары диқандардың мазасын алды. Жауынсыз жазда егін атаулыға өш шегірткеның шырылы қатты естілуде. Отандық ғалымдар бұл кесапатпен жаңа технологияларды, атап айтқанда ұшатын дрон аппаратттарының көмегімен күресуді ұсынады. Ескі әдістен әлдеқайда тиімді делінген жаңа амал туралы әріптесім Құралай Әбенова баяндайды.

1461659430_raduzhnaya-sarancha

2. Кооператив агробизнесті дамытудын баспалдағы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейтін халық даналығын қазір кең тараған кооперация үдерісіне қатысты айтуға болады. Күш біріктіріп мемлекеттің тиімді несиесіне мал алып, бордақылау ауыл адамдары үшін агробизнесін бастаудың алғашқы баспалдағы іспетті. Қызылорда облысындағы жаңа өндірістік кооперативінде болып қайтқан тілшіміз әңгімелейді.

iDkE5X6mT22wxCGVXlt8oud0ICHKes

3. Өндірушімен өндеушінің тиімді әріптестігі.

Биыл Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі майлы дақылдардың егіс көлемін өсірген фермерлерге қолдау көрсетуде. Осылайша ел үкіметі әртараптандыру аясында майлы дақылдар мен бұршақ тұқымдастардың алқаптарын ұлғайтуды көздейді. Майлы дақылдарға көшкен фермерлерды қолдау тетіктері әралуан дейді министрлік өкілдері. Әріптесім Мәриям Бейсен нақты өнім өндірушілерді қолдаудың жекеменшік үлгісін мысалға алуды ұсынады.

b2cec9ab1a7da32993f8f1f8724c9892

4. ҚазАгроҚаржы: отандық агробизнестін қолдау тетіктері.

Тәуекелі басым аграрлық салада табиғаттың оң қабағымен бірге инвестор-әріптестің болғаны маңызды. ҚазАгроҚаржы ұлттық компаниясы шаруа адамына жаңа техника, құрал-жабдық беріп, қаржы айналымын толтыруға, өндірісін кеңейтуге, жаңа технологияларды игеруге қолұшын беріп келеді. Және әрбір жаңа жоба ұлттық оператордың отандық агробизнес үшін сенімді әріптеске айналғанына көз жеткізеді.

казагро

5. Елімізде шағын және орта кәсіпті қолдау мақсатында көптеген бағдарлама қолға алынған.

Соның бірі – «Бизнес-Кеңесші» жобасы. Мәселен Талғар аудандық кәсіпкерлерді оқыту орталығы 200-ге жуық адамды оқытып, сертификат берді. Олардың ішінде агробизнеске бағдарланған жандардың қарасы басым. Сондай бағдарламаны көріп қана қоймай, оқуына қатысып қайтқан тілшіміз әңгімелейді.

Ас арқау — 20.08.2017 (№286)