Тамыз 13-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Тамыз 13-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Талғам таразысында балқытылған ірімшік
Балқытылған ірімшік елімізде тоқсаныншы жылдары кең тарала бастады. Қазір дүкенде пішіндері әртүрлі, алуан қоспа қосылған осындай ірімшіктің неше түрін көруге болады.
Бүгін біз тұтынушылармен бірге кілегейлі балқытылған ірімшікті талғам таразысына тартамыз. Оның нәтижесін дәл қазір Құралай Әбеновадан біле аласыздар.

2. Көпсалалы шаруашылық табыс кілті
Бұқаларының тірі салмағы 800 келі тартатын, санаулы өңірде ғана тараған Қалмақ тұқымды ірі қара өсіру, Гектарынан 100 центнер өнім беретін күріштің жаңа сортын шығару, ет, сүт өндірісін жолға қою. Мұның бәрі бір ғана шаруашылық атқарып отырған жұмыс дегенге біреу сенсе біреу сенбес. Көп салалы шаруашылық құрған кәсіпкердің өндіріс пен ғылымды ұштастырған агробизнесінің қыр-сырына қаныққан тілшімізге сөз кезегін беремін.

3. Қайталама лизинг дегеніміз не?
Теңге бағамының ауытқуы мен экономикалық қиындықтар импорттық ауыл шаруашылығы техникасының бағасын аспандатып жіберді. Оны лизингке алу шарттары да қалтаға қосымша салмақ салып отыр.
Осыны ескерген ҚазАгроҚаржы компаниясы бұрын пайдалануда болған техника мен құрал жабдықты ыңғайлы шарттармен екінші қайтара лизингке беру бағдарламасын қолға алған болатын. Толығырақ келесі сюжетімізден біле аласыздар.

4. Кооперативтің берері көп
Өндірістік кооперативтерге бірігу науқаны биыл ерекше қызып тұр. Дегенмен кооперацияға қалай бірігу қажет, мемлекеттен тиімді несиені алу жолдары қандай, ал ең бастысы өндірген ортақ өнімді өткізу жағы қалай болады деген сұрақтар көпшілікті толғандырады. Жақында осындай сауалдарды мамандарға қойған фермерлер жиынына барған тілшіміз тарқатсын.