Сәуірдің 9-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Сәуірдің 9-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1 . Нақты егіншілік дегеніміз не?

Қазақстанның аграрлық өндірісіне жаңа техника, технологиямен бірге жаңа ұғымдар да ене бастады. Солардың бірі — нақты егіншілік.Мамандар нақты егіншілік өсімдік шаруашылығындағы түсімді бірнеше есеге арттырып, тыңайтқыштар мен жанар-жағармайға жұмсалатын шығынды керісінше әлденеше есе кемітуге сеп болады дейді. Нақты егіншілік туралы нақтырақ келесі бейнематериалдан білесіздер.

2. Малшыны мемлекет қолдайды.

Ет экспортының әлеуетін арттыру үшін мемлекет мал басын асылдандыруға үлкен мән береді. Бұл шара өнім көлемін көбейтіп қана қоймай, елдегі мал басының сапалық көрсеткіштерін көтереді.Мемлекеттен малбасын асылдандыру үшін несие алған Алматы облысының фермері бұл шараны тиімді саясат деп санайды.

3. ҚазАгроҚаржы Жылыжайға жылы қамқорлық.

Дәлқазір ҚазАгроҚаржы компаниясының қолдауымен салынған жылыжай кешенінің жұмысымен танысасыздар

4. Экспорттың жүгін түйеге артыңыз.

Соңғы жылдары шипалы қасиеті мол түйе сүтін өндіру көлемі өсіп келеді. Және түйе сүтін өндірістік көлемде өндіріп, оны талапқа сай өңдеу жағынан да өсім байқалады.Мұның бір себебі шұбатқа деген сұраныс пен түйе өсірудің мол пайдасы барында жатса керек. Бұған көз жеткізу үшін Алматы секілді ірі қаланы түйе сүті және етімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілшімізге сөз кезегін беремін.