Сәуірдің 30-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Сәуірдің 30-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Жаңа аграрлық маусымның жаңалықтары.

Көктем шыға қара жерге түрен салған түскейдің шаруаларына жақында солтүстіктегі диқандар да қосылады. Биылғы ауа-райы секілді жаңа аграрлық маусымның да ерекшеліктері мен өзгерістері бар. Мәселен ауыл шаруашылығы министрлігі әртараптандыру бағытында жасымық, қызылша секілді дақылдарға басымдық берілетінін хабарлауда.

2. Жеміс пен көкөніс сүрлемі қашан бір сүрлеуге түседі?

Жеміс-көкөніс өнімдерінің әлемдік өндірісі 800 млн тоннаны құрайды. Бұл нарықтың сүбелі тұсы қытайға тиесілі — 41 пайыз. Ал Қазақстанның әлем нарығындлағы үлесі бір пайызға да жетпейді. Оның үстіне жеміс көкөніс өңдеу жағы да артта қалған. Нәтижесінде қалбырдағы терең өңдеуден өткен жеміс көкөніс өнімдеріне деген ішкі сұраныстың тек 83 пайызын ғана өтей аламыз. Алматы облысында ашылған жеміс көкөніс өңдеу кәсіпорнының басшылары мұны игерілмеген әлеует деп санайды.

3. Бекірені Қарағандыда да өсіруге болады.

Қазақстандықтар негізінен сазан, көксерке, секілді балықтарды сатып алады. Бекіре еті көпшілігіміз үшін тым қымбат. Су тапшылығы, күрт құбылмалы климат бағалы балықты қолдан өсіргісі келгендердің қолын байлайды. Бірақ жаңа өндіріс ашуға тәуекел еткен кәсіпкерлер ҚазАгроқаржы секілді сенімді әріптестің қолдауымен Қазақстанның қақ ортасында бекіре өсіріп отыр.

4. Ел біріксе көш жүреді.

Жері аз, техникасы жұтаң ұсақ шаруашылықтар үшін ауыл шаруашылығымен айналысып одан табыс табу қиынға соғады. Сондықтан Алматы облысы Шелек ауылындағы ұсақ шаруа қожалықтары кооперативке бірігу туралы шешім қабылдаған. Фермерлер өзара келісіп бірі егін егіп, екіншісі өнімді жинаумен ал үшіншілері оны сатумен айналыспақ. Әзірге ресми түрде кооператив болып құрылмаған шаруалар ұйымы өзара сенім негізінде жұмыс істеп көруге бел буған.