Сәуірдің 23-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Сәуірдің 23-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Патша балығы экспорттық табыс көзімізбен

Бақтақ таза суда ғана өсетін балық. Алатаудың етегіндегі тау өзендері патша балығы атанған балық түрін қолдан өсіруге таптырмайтын мекен. Былтыр күзде Алматы облысында құрылған шаруашылық бұл сөзімізге дәлел.Алматы қаласындағы мейрамханалар мен сауда орындарын жаңа ауланған балықпен қамтамасыз ететін балық шаруашылығы көрші Қытай мен Ресей нарығына шығуға дайындалып жатыр.

2. Бәрін кадр шешеді

Әлемде қазір сандық экономика ұғымы кең тараған. Соның ішінде ауыл шаруашылығына да. Демек, жақын уақытта компьютермен басқарылатын заманауи техника, технологияның тілін түсінетін білікті маман керек.Диқанның кетпенін жасанды интелектісі бар темір алмастырып жатқан уақытта жаңа аграрлық экономиканы басқаратын, қалыптастыратын мамандар дайындау күн тәртібіндегі мәселеге айналуда.

3. Беларусь техникасын ҚазАгроҚаржы арқалы алған тиімді

Беларусь елінде өндірілген ауыл шаруашлығы техникасы мен құралдарын лизингке алу қазақстандық шаруаларға тиімді бола түсті.ҚазАгроҚаржы ұлттық лизинг операторы Беларусьте жасалған бағдарламасының аясында беларустық әріптестерімен бұл елден сатып алынатын техника құнының бір бөлігін Беларусь үкіметі өтеп беретін уағдаластыққа қол жеткізіп отыр

4.Агротехнология: мал сою бекетінің модільдері

Ет өндірісінің әлеуетін өсіруде мемлекет мал бағудан бастап оны сойып, етін ветеринарлық талаптарға сай өңдейтін кешендерге иек артуды көздейді. Малды бағып, оны сойып, етін өңдеудің тұйықталған жүйесі ет өндірісін тиімді етіп, бағасын қолжетімді ете алады.Жақында Ақмола облысы Атбасар ауданында мал бордақылайтын алаң осы бағытта дамып келеді. Мал басын жобалық қуатына жеткізген соң мұндағылар заманауи мал сою бекетін ашқан.