Сәуірдің 2-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Сәуірдің 2-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Экологиялық өндірістің әлеуеті

Қазіргі жағдайда Қазақстан ауылшаруашылығы саласы жақсы дамыған елдермен өнім көлемі жағынан тең бәсекеге түсе алмайды. Алайда еліміздің өзге бәсекелестерінен бір артықшылығы бар.Кең байтақ қазақ жерін әлем нарығы үшін табиғи таза өнім өндіретін аграрлық аймаққа айналдыруға болады. Және әріптесім Мәриям Бейсен оған әлеуетіміз де, тәжірибеміз де жеткілікті деп санайды.

2. ҚазАгроҚаржының сүтті жобасы

2020 жылға қарай Қазақстандағы сүт өндірісінің көлемі 1,7 млн тоннаға жетуі керек. Сол үшін қазір елде сүт өндіруді өндірістік деңгейге көтеру қолға алынды. Және бұл жоспарды басты жүзеге асырушылардың бірі ретінде ҚазАгроҚаржы компаниясын атауға болады.Компанияның қолдуымен бүкіл ел бойынша 30 дан астам ірі тауарлы сүт фермалары бой көтерді. Солардың бірі былтыр Шығыс Қазақстан облысында ашылған еді.

3. Қаз өсіру де табыс көзі.

Аңыз бойынша бұл үй құстары Римді жаудан құтқарып қалған деседі. Қаз — ортағасырлық Еуропадағы басты үй құсы болды.Алматы облысындағы отбасылық шаруа қожалығы үшін қаздар агробизнес көзіне айналған.

4. Рахаттың 75 -жылдық жаңа тарихы

Рахат атауын естігенде ең алдымен хош исі аңқыған, тілі дәм үйіретін тәттілер көз алдымызға келері даусыз. Табиғи өнімнен жасалған шоколадымен бұл өнімді экспорттау жағынан әлемде көшбасшы саналатын Германияның өзін мойындатқан отандық кондитер фабрикасы 75 жылдан бері тәттісімен қуантып келеді. Мерейтой қарсаңында кондитерлік өнім өндірудің дәстүрлі технологиясын сақтай отырып, жаңа заманғы өндіріс құра білген фабриканың бүгінгі тыныс-тіршілігін көріп қайтқан тілшімізге сөз кезегін беремін.