Сәуірдің 16-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Сәуірдің 16-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Өзекті мәселе балық жемін қашан өндіреміз?

Еліміздегі балық өсіру саласындағы басты түйткіл оның жем-азығына тіреледі. Елдегі балық шаруашылықтары арнайы құрамнан тұратын жемді берісі Ресей, Қытайдан, әрісі Еуропа елдерінен тасуға мәжбүр.

Және ол арзан тұрмайды. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

2. Агротехнологиялық хабтың берері не?

Қазақстанның аграрлық саласы экспортқа бағдарланған, әлем нарығында бәсекеге қабілетті, сапалы өнім ұсынатын өндіріске айналуы тиіс. Мемлекет жүктеген міндеттерді аграрлық ғылымның әлеуетін тиімді пайдаланбай атқару мүмкін емес.

Сол себепті еліміздегі ең ірі аграрлық университетте ТМД мен Орталық Азияда теңдесі жоқ Агротехнологиялық хаб жұмысын бастаған еді. Бұл орталық ғалымдар мен фермерлерге қандай көмек бере алады және қандай қызмет түрін ұсынады?

3. ҚазАгроқаржы жаңа маусымға жаңа техникамен.

Былтырғы көктемгі және күзгі науқандар бәрімізге белгілі қағиданы еске салды: ауылшаруашылығы — тәуекелі көп сала. Алда биылғы жылдың жаңа науқаны келе жатыр.

Әр күні жылға азық көктемгі егіс мезгіліне техникасын, тұқым, жанар-жағармайын сақадай сай қылу өте маңызды. 2017-нің көктемгі егісіне басты аграрлық лизинг операторы ҚазАгроқаржының дайындығын пысықтаған тілшіміз әңгімелейді.

4. Билгумус органикалық тыңайтқыш.

Органикалық ауыл шаруашылығы тыңайтқыштардың да органикалық таза болуын талап етеді. Соңғы кездері топырақта табиғи таза биоқарашірінді өндіретін жауын құрттардың көмегіне жүгінушілердің қарасы көбейіп келеді.

Оның басты артықшылығы бір гектар жерді тыңайту үшін 50 тоннаға дейін малдың қиы жұмсалса, ол алқапқа биогумустың 2-10 тоннасы да жеткілікті көрінеді.