Наурыздың 19-ы күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Наурыздың 19-ы, сағат 10:30-да «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1.Экологиялық таза картопты қалай өсіруге болады.

Мұның жауабын солтүстікқазақстандық диқандар біледі. Олар бар табиғаттың көмекшісі биоағзаларда дейді. Органикалық тыңайтқыштармен өңделген биогумус картоптан керемет өнім алуға көмектеседі екен.

2. Oтандық агротехнология.

Қазақстанның аграрлық саласы экспортқа бағдарланған, әлем нарығында бәсекеге қабілетті, сапалы өнім ұсынатын өндіріске айналуы тиіс. Мемлекет жүктеген міндет терді аграрлық ғылымның әлеуетін тиімді пайдаланбай атқару мүмкін емес. Сол себепті еліміздегі ең ірі аграрлық университетте ТМД мен Орта л ық Азия да теңдесі жоқ Агро тех но логиялық хаб жұмы сын бастаған еді. Бұл орталық ғалымдар мен фермерлерге қандай көмек бере алады және қандай қызмет түрін ұсынады

3. ҚазАгроқаржымен әріптестік тарихы.

ҚазАгроқаржы Акционерлік қоғамы отандық агробизнеес үшін лизинг компаниясы ғана болуды көздемейді. Агротехника мен технологияларды тиімді шартпен беру арқылы елімізде іргелі агроқұрылымдардың қалыптасуын мүдделі. Мемлекеттік институт пен жеке шаруашылықтың бұл бағыттағы әріптестігінің кезекті табысты трихы туралы келесі сюжетімізден білесіздер.

4. Алматы облысының аграрлық әлеуеті.

Аграрлық саланы экономиканың өрге сүйреуші драйверіне айналдыру басты бағыт. Мемлекет бұл саясатты агробизнес даму жоспарының аясындағы бірқатар бағдарламаларға сүйеніп жүзеге асыруда. Мемлекеттік бағдарламалардың нақты бір өңірдің аграрлық әлеуетіне, экспорттық мүмкіндіктерін күшейтуге тигізген әсері жайлы тілшіміз әңгімелейді.