Маусымнің 4-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Маусымнің 4-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.


1. Тиімді агроөнеркәсіп терезесі тең әріптестіктен басталады

Тиімді агроөнеркәсіп әріптестіктен құралады. Оның жарқын үлгісі–ауылшаруашылығы кооперациялары. Бүгінде агробизнестің бұл үлгісі қаржы тарту және өндірісті оңтайлы ету жағынан жақсы мүмкіндіктер ұсына алады. Балқаш ауданындағы кооперативтердің табысты тәжірибесі жайлы.

2. Отандық өнімді таңда. Өзгенің іркітінен өз ірімшігіміз артық.

Елімізде сатылатын ірімшіктің дені қайдан келеді? Әрине Ресей, Украина, Беларусь елдерінен. Кейде Қазақстанда мұндай сүт өнім өндірілмей ме деген ой туады. Әріптесім Дархан Кәрім елімізде шетелдік өнімдермен бәсекеге түсіп қана қоймай, табиғилығымен тұтынушылар көңілін жаулап жатқан отандық ірімшік өндірісінде болған еді.

3. ҚазАгроҚаржы: Жылыжайға жылы қамқорлық.

Қазақстан Еуразия кеңістігін сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнерәсіп өнімін экспорттау жағынан көшбасшы болатындай әлеуетке ие.
Мұндай мүмкіндікті еңсеру үшін әрине жаңа техника мен технология қажет. Және мемлекет тарапынан еліміздің аграрлық саласын жарақтандыру мәселесін ҚазАгроҚаржы компаниясы сәтті шешіп келеді.

4. Түйеқұс табысты түлік.

Төрт түлік баққан елімізде соңғы жылдары бізге таңсық түлік түрін өсіру жағыда кең таралуда. Солардың бірі тұрқына қарап ойсылқара тұқымына ұқсататын түйеқұс.Тілін тапса Африкада шауып жүретін бұл құс тиімді агробизнес көзі екен. Еліміздегі түйеқұс фермасында болып қайтқан тілшіміз осылай дейді.