Маусымнің 25-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Маусымнің 25-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Балық өндірісі. Агробизнестің бұл саласын қалай жемдейміз?

Елімізде өсірілген балықтың үштен екісі экспортқа кетеді екен. Шетелдіктер біздің балығымызды ерекше дәмділігі және сапасы үшін жоғары бағалайтын болып шықты. Сол себепті отандық агробизнесмендер жаңа мүмкіндікті игеру үшін қолдан балық өсіруге білек сыбана кірісіп кеткен. Дегенмен әріптесім Құралай Әбенова бірінші кезекте балықтың жем-азығын қамдапалу керектігін ескертеді.

2. Саясында алманың: интенсивті бақтың тәтті жемісі.

Агробизнесі дамыған елдерде жеміс бақтары фермерлер үшін үлкен табыс көзі саналады. Мәселен поляк шаруалары мәселен алманы әлдеқашан ең басты экспорттық өнімге айналдырған.Әлемде жеміс бағын табысты агробизнес ретінде пайдалану үшін интенсивті бақ әдісі қолданылады. Соңғы жылдары мұндай технология елімізде де кең таралуда. Жеміс ағашының тәтті жемісін татып отырған фермер туралы әріптесім Дархан Кәрім әңгімелейді.

3. Егің ексең техникаңды сайла.

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас деген мақалды аграрлық сала өкілдері жақсы түсінеді. Әсіресе көктемгі және күзгі науқан кезінде жанар-жағармайын қамдап, тұқымын дайындап техникасын сайлау кезінде шаруаны сенімді әріптес сіздер кезінде аяқтау қиын. Сондай сенімді инвестордың бірі- Қазагро ұлтық холдингі мен оның еншілес компаниялары көктемгі егіс жұмыстарына компания биыл 60 млрд теңге жұмсап, аграршыларға көмек қолын созды.

4. Жылқының етін еуропалықтар да сүйсініп жейді.

Соңғы кездері жылқының еті мен қымыз Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие болуда. Париждегі танымал мейрамханалардың аспаздары жылқы етін дәстүрлі тағамдарына қоса бастаған.Ал елімізде жылқы бағып, қымыз өндіретіндердің қатары көбейіп келеді. Әріптесім Мәриям Бейсен ата кәсіпті табысты агрокәсіпке айналдырған шаруашылықта болып қайтқан еді.

5. Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Жамбыл облысындағы кооператив мүшелері осылай дейді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейтін халық даналығын қазір кең тараған кооперация үдерісіне қатысты айтуға болады. Әсіресе екі қолға бір күрек таппай қиналған ауыл адамдары үшін кооператив агробизнесін бастаудың баспалдағы іспетті. Ас арқаудың түсру тобы болып қайтқан Жамбыл облысындағы жаңа кооперативтердің мүшелері осылай деп отыр.