Маусымнің 18-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Маусымнің 18-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Итальян ірімшігін өзімізде өндіреміз.

Сүт пен ірімшік – еліміздің азық-түлік нарығындағы халық ең көп тұтынатын тағамдардың бірі. Қазақстан халқы жылына 40 мың тонна ірімшік тұтынады. Алайда, соның 70 пайызы шетелден әкелінеді екен. Әріптесім Дархан Кәрім табиғи шикізаттан ірімшік өндіретін зауытта болып отандық өнімнің сапасын көріп қайтқан еді.

2. Ет бағасы неге қымбаттады?

Мамыр айының соңында елімізде ет бағасы көтерілді. Кей облыстарда қой еті екі есеге жуық қымбаттаған. Мұны ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ет экспортының артуымен байланыстырған еді.

Бірқатар сарапшы еліміздлің аусылдан таза аймақ мәртебесін алуы ет экспортын үдетті дейді. Ет бағасының көтерілуі қалыпты құбылыс па әлде уақытша жағдай ма деген сұрақтарға жауап іздеген тілшімізге сөз кезегін беремін.

3. ҚазАгроҚаржының сүтті жобасы.

Аграрлық саладағы ірі шаруашылықтардан бастап шағын шаруа қожалығына дейін бұл саладағы тәуекелдерден айналып өте алмайды. Көштен қалмау үшін техника мен технологияны жаңалау қажет, мал басын асылдандырып, қаржы шығындарын оңтайландыруды шешуі тиіс. Шарттары көңілге қонымды, пайыздық салмағы аздау қосымша қаржысыз көп мәселе шешілмейді.т Бұл орайда мемлекеттік ҚазАгроҚаржы компаниясы фермерлер мен отандық агроөндіріс үшін сенімді инвестициялық әріптес болып тұр.

4. Отандық ғылымның аграрлық әлеуеті.

Еліміздің егіс алқаптары құнарының төмендеуіне топырақ қабаттарына жиналып қалған фосфаттар да себепші. Топырақта қатқан фосфаттың бір бөлігі ешқайда сіңбен жер бетіне сор болып шығады.

Әріптесім Құралай Әбенованың айтуынша, отандық микробиолгтар осы түйткілді шешудің кілтін тапқан секілді.

5. Жылыжайға жылы қамқорлық керек.

Алматы қаласы жыл сайын 34 мың тонна қызанақ пен 15 мың тонна қияр жейді екен. Маусым аралық кезеңде халықтың көкөніске деген сұранысы 90 мың тонна.Бұл сұранысты отандық өндірушілер қамти алмайды. Оның үстіне бағасы 4-5 есеге дейін көтеріліп кетеді. Әріптесім Мәриям Бейсенқызы мәселені шешудің бір жолы — өндірістік көлемдегі жылыжайлар салу дейді.