Маусымның 8-і күнгі «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

Маусымның 8-і күнгі, сағат 13:40-де «Хабар» арнасынан «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.

    asarkau
  • 19-шы ғасырда АҚШ та ағайынды Келлогтар жүгері ұнынан тамақ әзірлеп жатып, ойламаған жерден жаңа жеңсік ас түрін ойлап табады. Америкалықтардың сүйікті таңғы асына айналған жүгері қауызы осылай кездейсоқ дүниеге келген. Ас Арқаудың сараптамасы қазіргі жүгері қауызын сапа бақылауына алған еді.
  • Талғамы өскен тұтынушы қазір экологиялық таза өнімді таңдайды. Біз тек табиғи өніммен жұмыс істейтін сүт зауытында болып, нағыз сүт өнімінің қалай жасалатынын көрдік.
  • Қыстың қамын жаз ойла дейтін халық даналығын диқан қауымы жақсы біледі. Ала жаздай өсірген дақылын қайда сақтаймын деген уайым шаруаны қазірден ақ мазалайды.Еліміздің астықты өңірінің бірі Солтүстік Қазақстан облысында биыл ең жаңа технологиямен жарақтанған элеватор салынуда.Теріскейдегі ірі астық қоймасының жобасын «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі қолдаған.
  • Серік Ибрагимов нағыз оркестр адам. Бірнеше халықаралық байқаудың бас жүлдегері кларнет, саксафон, домбыра, гитара, пианино, фортепиано, барабан аспаптарының құлағында ойнайды. Ас Арқаудың ас мәзірінде әнші ас үйінің аспаптарын да тәп-тәуір игеріп алғанын көрсеткен еді.