Шілденің 13-і күні «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

Шілденің 13-і, «Хабар» арнасында сағат 14.20-да «Ас арқау» бағдарламасынан көретіндеріңіз.

asarkau

Бұл сусынның қашан пайда болғаны туралы дерек жоқ. Есесіне кілегейлі айранды елімізде көп тұтынады. Сондықтан Ас арқау ерекше құнарлы сүт өнімін сапа бақылауына алған еді.

мтс1

Ұлыбританияның корольдік сарайына жеткізілетін экологиялық таза бидайдың Қазақстанда өсірілетіні туралы білесіз бе? Отандық биологтар ойлап тапқан микробиотыңайтқыш осындай керемет нәтиже береді.
Өсімдік сығындылары мен микроэлементтерден тұратын биотыңайтқыштың мүмкіндіктері жайлы сюжетімізді өткізіп алмаңыз.

мтс

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған Қазақстан үшін аграрлық саласын дамыту өзекті мәселе. Көкжиектен көрінген дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу жағы тағы бар.
Ел үкіметі мемлекеттік оператор көмегімен аграрлық саланың қандай бағыттарына қаржы құяды? Бұл туралы тек «Ас-арқаудан» толығырақ білесіз.

фисташки

фисташк1

фист

Өмірде де, өнер де қол ұстасып бірге жүрген жұптардың бірі — Ғани мен Бота «Ас-арқаудың» ас үйінде мексикалықтардың ұлттық тағамы — Кесдильяны қалай дайындауды үйреткен еді.

зм2

зм3