Мамырдің 7-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Мамырдің 7-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Біріккен күш бірегей табысқа жетелейді.

Аграрлық сала экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Ол үшін елдегі агроөнеркәсіп өндірістік деңгейдегі жүйеге айналуы қажет. Үкіметтің алдына 5 жыл ішінде елдегі 500 мыңнан астам ұсақ шаруашылық пен үй қожалықтарын кооперативтерге біріктіру міндеті қойылды.
Кооперацияның шаруаларға ұсынатын мүмкіндіктері жайлы министрлік өкілдерімен және бұл салада тәжірибе жинақтаған шаруалармен әңгімелескен әріптесім Дархан Кәрімге сөз кезегін беремін.

2. Не сепсен соны жейсін? Тыңайтқыш пен пестицидтер нарығына шолу.

Пестицидтер мен гербицидтердің жерге тигізер зияны туралы қанша айтсақ та, оларсыз ауыл шаруашылығында жақсы өнім алу тағы мүмкін емес. Оның үстіне Қазақстанда химиялық тыңайтқыш, дәрілерді қолдану жағы онсыз да төмен.
Және мамандар бәрін шеттен заңсыз жолмен келетін қайда және неден жасалғаны белгісіз, топырақ қабатынан бөлек адам денсаулығына аса қауіп төндіретін пестицидтер бүлдіріп отыр дейді.

3. Шаруалар тәжірибе алмасуда

Соңғы жылдары көкөніс нарығындағы өліара кезең мен жаздың жылы мезгілдеріндегі баға айырмашылығы қысқарып келеді. Бұл бірінші кезекте ҚазАгроқаржы ұлттық лизинг операторының қаржылай қолдауымен салынған ең жаңа технологиямен жарақтанған жылыжай кешендерінің арқасында мүмкін болып отыр.
Астанадағы сондай өнеркәсіптік деңгейдегі жылыжай жыл сайын өнім көлемін арттырып бас қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.

4. Жылыжай кешендерінің мультипликативті әсері.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы фермерлер қауымдастығы бірнеше жылдан бері арнайы жоба аясында шаруаларға жаңа технологияларды таныстыруда.
Агробизнес орталығы жұмысының алғашқы нәтижелері де толымды. Шелектік шаруалардың тәжірибе алмасу үдерісімен танысып қайтқан тілшіміз баяндайды.