Мамырдің 28-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Мамырдің 28-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Жас кәсіпкерлер кооперацияны қолдайды

Жас келсе іске дейді халық даналығы. Жаңашылдыққа құмар жас агробизнесмендер күш біріктірмей аграрлық саланы көтерудің мүмкін еместігін жақсы түсінеді.Мемлекеттің кооперация туралы үндеуін бірден қабылдаған жас кейіпкеріміздің бастамасымен құрылған бірлестікте болып қайтқан әріптесім Мәриям Бейсенқызына кезек беремін.

2. Балық жемін өзіміз дайындай аламыз ба?

Еліміздегі балық өсіру саласындағы басты түйткіл оның жем-азығына тіреледі. Елдегі балық шаруашылықтары арнайы құрамнан тұратын жемді берісі Ресей, Қытайдан, әрісі Еуропа елдерінен тасуға мәжбүр. Және ол арзан тұрмайды. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

3. ҚазАгроҚаржының кезекті сүтті жобасы

Ауыл шаруашылығындағы іргелі жобалар агробизнесті дамытыпқана қоймай, әлеуметтік саланың да жүгін жеңілдетеді. Бұл сөзімізге ҚазАгроҚаржы мемлекеттік компаниясының қолдауымен бой көтергенөндіріс орындарының бүгінгітыныс-тіршілігідәлел. Сондай табысты шаруашылық туралы келесі бейнематериалымызда.

4. Жаңа маусымға жаңа сорт, техникамен. Алматы обылысының күріш алқаптарынан репортаж

Биылғы көктемгі егіске Алматы облысы Балқаш ауданындағы біраз шаруашылық жаңа техникамен шықты. Мемлекеттен берілген несиеге Балқаштық күрішшілер дала жұмыстарына қажет техника алып үлгерген. Және биыл егіс танаптарына шөлейт аймақтарға бейімделген жаңа сорт еккен. Толығырақ егіс басынан қайтқан әріптесім Құралай Әбенова әңгімелейді.