Мамырдің 21-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Мамырдің 21-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Кооперация: мамандар пікірі

Ғалымдардың айтуынша, ұсақ шаруаларды кооперацияға біріктіргенде ғана мемлекеттің аграрлық салаға салған инвестициясы тиімді болады. Және ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу, жаңа заманғы техника, технологиямен жарақтандыру үшін де бытыраңқы майда шаруашылықтарды ірілендіру қажет.

2.Тауық өсіріп, табыс тап

Агробизнес қай елде де отбасылық кәсіп түріне жатады. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығымен айналысатын шаңырақ саны көбею үстінде. Және мемлекеттік қаржы ұйымдары шағын отбасылық агробизнесін бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге әзір. Қапшағай маңында құс өсіріп отырған, болашақта ірі шаруашылыққа айналуды армандайтын кәсіпкерлермен әріптесім Құралай Әбенова тілдесіп қайтқан еді.

3. ҚазАгроҚаржымен табысты әріптестіктің тарихы

Қазақстан шикізат шылауындағы экономикадан арылуды көздейді. Бұл мәселе аграрлық салаға да қатысты. Сол себепті ҚазАгроқаржы ұлттық қаржы институты аграрлық салада өңдеуші кәсіпорын құрам дегендерді қолдауға бейім. Екі жаққа тиімді әріптестіктің үлгісін Шымкенттегі аграрлық серіктестіктен байқаған тьілшіміз әңгімелейді.

4. Отандық май өнімдері экспортқа жол тартуда

Шымкенттегі май зауыты кеңес кезінде тәулігіне 1000 тоннадан астам май өңдеп өз саласында Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс орны болған еді. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында тұралап қалған кәсіпорын соңғы жылдары қайтадан толымды табыс жолына түскен. Бүгінде күнбағыс майынан бөлек, мақсары, мақта секілді дақылдардан да май сығатын кәсіпорын өнімінің жартысынан астамын экспортқа шығаратын компанияға айналған.