Мамырдің 14-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Мамырдің 14-ші күні, сағат 9.00 «Хабар» арнасынан «Ас арқау» кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Алматы облысындағы бордақылау алаңының жаңа белесі

Алматы облысындағы ірі мал бордақылау алаңдарының бірі 5 жыл бұрын бой көтерген.

Алматы қаласы мен облысының азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында салынған бордақылау алаңы болашақта 3 мың басқа дейін мал байлап қоймай, етті өздері өңдеуді де қолға алмақшы. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

2. Рукколо мен ас көк өсір, пайдасы оның көл -көсір

Ірі қалалардың мейрамханалары қазір құнарлылығы жоғары көк шөптерден тұратын диеталық ас мәзірін ұсынуға көшті. Алайда ондай көкөністердің дені шетелден келетіндіктен бағасы да қымбат.

Демек, мұны табысты агробизнес көзіне айналдыруға болады. Осылай деп түйген кәсіпкер инновациялық жылыжайда түрлі ас пен салатқа пайдаланатын көк шөп өсіруді қолға алған. Жылыжайда болып қайтқан әріптесім Құралай Әбенова әңгімелейді.

3. ҚазАгроҚаржы отандық сүттің ұйытқысы

Отандық сүт шетелдік өнімдерден ең алдымен дәмі және сапасы жағынан оқ бойы озық тұрады. Қазір мемлекеттің қолдауымен елімізде өндірістік көлемдегі тауарлы сүт фермалары көбеюде.

Мұндай кешендер сүт өндірісіндегі ең үздік агротехнологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Сондай жаңа сүт фермасында Ас Арқаудың түсіру тобы болған еді.

4. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жуалылық кооперативтің тәжірибесі

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Ақсай ауылындағы ұсақ шаруа қожалықтары былтыр кооперативке бірігу туралы шешім қабылдаған. Бұған сүт өндірісінің көлемін өсіріп, оны өткізу нарығын игеру мәселесі түрткі болған. Қазір 29 мүшесі бар кооператив ортақ өндірген сүтін сүт зауытына өткізеді. Кооперативтың пайдасын көрген өзге ұсақ шаруалар да қосылуға мүдделі. Кооператив жұмысымен танысып қайтқан Дархан Кәрім әңгімелейді.