Мамырдың 4-і күні «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

Мамырдың 4-і күні, сағат 13:40-де «Хабар» арнасынан «Ас арқау» сіздерге әдеттегідей астың ең дәмдісін, жаңалықтың мәндісін алдыңызға тартады.

  • «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында бидай мен арпаны шаруалардан алдын-ала сатып алуды бастады. Бюджеттік несиелеу бағдарламасының биылғы ерекшеліктері туралы Ас-Арқаудан білесіздер.
  • Отандық мамандар дабыл қағуда. Соңғы кезде егіс алқаптарын шетелден келген жаңа зиянкес өсімдіктер мен жәндіктер басып барады. Ас-Арқаудың түсіру тобы карантинді өсімдік және микроағзалармен күресетін мамандармен таныстырады.
  • Томат шырыны табиғи қанттар – глюкоза мен фруктозаға өте бай. Және сусында денсаулығымыз бен сын-сымбатымызға қажет – С дәруменінің мол қоры жиналған. Қызанақ шырыны күйзелген жанды сергітіп, көңіл-күйін көтереді дейді. Алайда, сатып алған шырынның сапасы жүйкеңіз жұқартуы да мүмкін. Сондықтан Ас Арқау сіздер үшін нарықтағы ең танымал томат шырындарын талғам таразысына тартты.
  • Репертуарындағы әндердің сарынына қарап, ел оған «мұңды жігіт» деген ат қойды. Дегенмен Ас Арқаудың ас үйіне қонаққа келген Ғадылбек Жанай өзін көңілді жан санайды. Тіпті ол әзірлеген астың түрі де көктемнің бар түсін бойына жинаған.