Мамырдың 18-і күні «Ас-арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар

Мамырдың 18-і күні, сағат 13.40-та «Хабар» арнасында «Ас арқау» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.

  • Орта ғасырда шотландықтар оны тек сұлыдан жасау керек деп санаған. Бұрынғы кеңестік стандарт бойынша бұл өнімнің жарамдылық мерзімі 30 күннен аспауы тиіс. Бұл — дұрыс пісірілген сұлы печеньесіне қойылатын талаптар. Ас арқаудың талғам таразысы осы тәтті өнімнің сүт қатқан шаймен ішуге лайықтысын анықтаған еді.
  • «Құрамында GMO бар» деп белгіленген азық-түлікке елімізде мораторий жарияланған. Алайда отандық ғалымдар әзірге пайдасы мен зияны толық дәлелденбеген технология өнімдерінің Қазақстанға кең тарап жатқанына алаңдайды.
  • Көршіміз ресейліктердің дастарханында біздің көкөністеріміз бен сүтіміз тұр. Ақтөбелік фермерлер Ресейдің шекаралас облыстарына қызанақ, қияр, сүтін экспорттай бастады. Мемлекеттің қолдауымен ақтөбеліктердің экспорттық әлеуетінің жылыжайларда қалай пісіп-жетілгенін біле аласыздар.
  • Олар ең алғаш сахнаға Жарапазан айтып, Қаражорғаға билеп шыққан болатын. Ас арқаудың ас үйінде қонақта болған Алашұлы этнотобы бір сәтке музыкалық аспаптарын ас үйдің аспаптарына айырбастап, дәмді жұлдызды мәзір әзірледі.