Желтоқсан 23-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Желтоқсан 23-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Талғам таразысында жүгері үлпектері.

Бұл өнімнің пайда болғанына 150 жылдан асқан. Оны бірінші кезекте кішкентай балалар екеркше жақсы көреді. Құрғақ таңғы ас есебіндегі жүгері үлпектерін диетологтар мен ата-аналар жақтырмаса да, балалардың қалауын орындауға мәжбүр болып жатамыз. Сондықтан Ас арқаудың бүгінгі талғам таразысында дәл осы жүгері үлпектерінің дәмдісі мен сапалысын анықтайтын боламыз.

suhoy_zavtrak1

2. Күш бірлікте дейді мамандар.

Дүниежүзілік қаржы институттары Қазақстанның аграрлық саласының әлеуетін жоғары бағалайды. Бірақ әлі күнге сол әлеуетімізді жүзеге асыра алмай келеміз. Өнімділіктің төмен, ал кейбір азық-түлік түрлері бойынша импортқа тәуелдіміз. Бар кілтипан – аграрлық саладағы шаруалардың бытыраңқылығында дейді мамандар.

3. Ауылын азаматына қарап таны немесе бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қандай болады?

Өркениетті елдерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген мәдениет қалыптасқан. Оның басты қағидасы – бизнес адамдардың қажет өтейтін, оларға жаңа мүмкіндіктер беретін құрал болуы тиіс. Сонда ғана бизнес пен қоғам бірге дамиды.Біздің елімізде де осындай қағиданы ұстанатын кәсіпкерлердің барлығы қуантады. Ас арқау Агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жақсы бір тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген еді.

72343_b0

4. Кооперация ұранымен: Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылды қортындылайды.

Биылғы жыл Қазақстанның аграрлық саласы үшін қосалқы үй шаруашылықтары мен ұсақ шаруаларды кооперацияға біріктіру науқанының жүзеге аса бастауымен есте қалады. Бұл іске Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қосқан үлесі ерекше атап өтерлік. Қор көмегімен биылдың өзінде қанша кооператив құрылғаны, қаншасы тиімді несие алып, өндрісін өркендете алғаны туралы келесі бейнематериалымызда.