Желтоқсан 09-ші күні АсАрқаудың мерекелік санынан көретіндеріңіз

Желтоқсан 09-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

ас аркау

1. Талғам таразысында бал тандаймыз.

Бұл тәтті өнімді адамзат ежелден құрмет тұтқан. Бағзы замандарда дәмі тіл үйіретін хош иісті балды тек патшалардың жеуіне ғана рұқсат етілген көрінеді.Ал қазір балдың неше түрі бар. Таңдағаныңды алып жей бер. Бірақ, оның сапалы бал екенін қалай айырамыз? Сіздерге әдеттегідей Талғам таразысы айдары көмекке келеді.

мед

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді жамбылдықтар.

Жамбыл облысындағы ұсақ шаруа қожалықтары бір жылдан бері кооперативке бірігуге белсене қатысуда. Бұған сүт және ет өндірісінің көлемін өсіріп, оны өткізу нарығын игеру мәселесі түрткі болған. Нәтижесінде өндірушілер тұрақты шикізат жеткізушіге, кооператив табыс көзіне ие болды. Өңірдегі кооперативтердің жұмысымен танысып қайтқан тілшіміз әңгімелейді.

герефорд

3. Отандық құс өсірушілер экспорт көкжиегіне қанат қағуда.

Отандық құс шаруашылығы агробизнестегі қанаты қатқан саланың бірі. Қазір құс етінен табысты тезірек табуға болады әрі экономикалық тиімділігі жоғары.Дегенмен отандық құс өсірушілер бұл жетістікпен тоқтап қалғысы келмейді. Мемлекеттің қолдауымен өндірістік қуатын жаңалап, экспорттың көкжиегіне қанат қаға бастады.

yar_1

4. Қызылордадағы кооператив өнімін экспорттауды жоспарлауда.

Еліміздің шаруалары үшін мал өнімдерін тұрақты әрі тиімді бағаға өткізудің түйткілді тұстары көп. Нарықтағы делдалдар түрлі қитұрқылықпен ет пен сүтті тиынға саудалайды.Қызылорда облысындағы қосалқы үй шаруашылығымен айналысатын бір топ жан бұл мәселені бірлесіп шешуге бел буған. Мал өнімдерін сатуды арнайы кооператив арқылы бір жүйеге келтірген шаруаларға Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры демеу болды.