Ас арқау — 28.10.2017 (№296) видео

Қараша 28-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Агробизнесті әртараптандырудың кілті бірлестікте.

Әралуандылық пен тұрақты өнім жеткізуді талап ететін қазіргі азық-түлік нарығының белсенді ойыншысы болу оңай емес. Осыны түсінген кәсіпкерлер агробизнесті әртараптандыру үшін күш біріктіруге көшкен. Жамбыл облысындағы сондай шаруашылықтардың бірінде болып қайтқан тілшіміз жергілікті шаруалардың кооперация тәжірибесімен танысқан еді.

2. Аграрлық салаға неге маман тапшы?

Жуырда агроөнеркәсіптегі өңдеуші кәсіпорындар мен ғалымдардың бас қосуымен жиын өтті. Кездесуде аграрлық саладағы мамандардың тапшылығы мәселесі көтерілді. Ресми дерек ауыл шаруашылығына бас-аяғы 6 мыңға жуық маман жетпейтінін айтады. Әсіресе білікті ветеринар, агроном, өсімдік қорғау және карантин саласының мамандары, технологтар сияқты маман атаулы күндіз шаммен іздеп табылмайды екен.

3. Қарағандылық кооператив ет экспортын еңсермек.

Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылдық округінің тұрғындарының негізгі күн көрісі ертеден мал өсіру. Кооперативке біріккендерге мемлекет осы жағынан қолдау көрсететінін естіп-білген соң былтыр желтоқсан айында ауылдық округтің 28 тұрғыны кооператив құрған.

4. Ауыл шаруашылығына ислам қаржысын тарту жолдары.

Ауыл шаруашылығы тәуекелі көп сала, сондықтан шаруалар пайыздық өлшемі аса жоғары банктерден несие ала алмайды. Қаржы институттары да аграрлық саланы қаржыландыруға құлықсыз. Бұл жағдайда мамандар исламдық қаржы әлеміне көз тігуге кеңес береді. Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі кезде бір ғана Абу-Даби қорында шетелдік нарықты инвестициялауға қабілеттті 800 млрд.доллар сақтаулы. Ал исламдық банктердің еншісіндегі қаражат – 750 млрд. Міне осындай қаржы әлеуетін еліміздің ауыл шаруашылығының игілігіне жаратудың жолы қандай деген сұраққа жауап іздеген мамандар жақында елімізде бас қосқан еді.