Ас арқау — 23.09.2017 (№291) шығарылым

Қыркүйек 23-ші күні, сағат 8.55 «Хабар» арнасынан кезекті санын өткізіп алмаңыз.

1. Талғам таразысында сары май.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген мақал бар. Нақыл сөздің сары майға тікелей қатысты маңызы баяғыда жоғалған. Оның үстіне табиғи сары майды да қазір дүкеннен кездестіре бермейсіз. Сондықтан Ас арқаудың бүгінгі талғам таразысына табиғи сары майды тартуды жөн санадық. Оның нәтижелерімен біздің тілшілеріміз таныстырады.

2. Майтөбе ет кооперация майлы жіліктің басы.

Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің үлес салмағы көп елдерде азық-түлік өндіру де едәуір жеңіл. Қалыптасқан бұл тәжірибені негізге алып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту ісі біздің елде де қолға алынуда. Осындай жақсы тәжірибені жақсы меңгерген шаруашылық туралы толығырақ тілшіміз баяндайды.

3. Жаңғақ — табысты жаңа бағыт.

Алматы облысының фермерлері өздері үшін жаңа бағыт — жаңғақ бағын өсірумен айналыса бастады. Биыл көктемде 20 га жерге грек жаңғағы мен орман жаңғағы егілген. Алғашқы жемісін шаруалар тек 3-5 жылдан соң ғана көре алады. Есесіне бұл орман жаңғағы отыз жыл, ал грек жаңғағы 100 жылдан астам уақыт бойы түсім береді.

4. Бірлікте береке бар.

Кооперацияға бірігу үдерісі еліміздің әр өңіріндегі жеке фермерлермен қоса бұған дейін үйінде азын-аулақ мал ұстап, есігінің алдында бау-бақша егуден әрі аса алмай келген жандар үшін де тиімді болып тұр.
Мәселен Алматы облысында құрылған кооператив оның мүшелеріне малбасын көбейтіп қана қоймай, оны өткізу жағын да жеңілдетіп берген. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегімен құрылған кооперативтің болашақ жоспарлары бұл бірлестіктің ертеңіне деген сенімінің мол екенін айқындайды.