Ас арқау — 10.09.2017 (№289) шығарылым

Ас арқау — 10.09.2017 (№289) шығарылым.

1. Отандық ғалымдардың жаңа технологиясы.

Қазіргі егіліп жатқан сорттардан екі-үш есе артық өнім беретін майбұршақтың немесе жүгерінің жаңа тұқымдарын білесіз бе? Және олардан химиялық препаратттарды мейлінше аз қолдана отырып қалай мол өнім алуға болады? Алматы облысының шаруаларымен кездескен отандық ғалымдар диқандарды өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар туралы әңгімелеген еді.

2. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры: шикізаттан экспортқа дейін.

Ас арқау бағдарламасы фермерлердің кооперациясы туралы тақырыпты жиі қозғайды. Бұл – еліміздің ауыл шаруашылығындағы басым бағыттың бірі.Әр өңірде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының демеушілік көрсетуімен бой көтерген кооперативтердің құрылу тарихы да әрқилы. Біздің келесі сюжетіміздің кейіпкерлері қалай күш біріктіргендері туралы өздері әңгімелеп береді.

3. Кооперативтің тәтті дәмі.

1990 жылға дейін Қазақстан сыртқа өзге шикізатпен қоса 10 мың тонна бал сатқан. Қазір еліміз керісінше Қытай,Ресей тіпті алыс шетелдерден бал импорттауға мәжбүр.Олқылықтың орнын кооперация толтыруы мүмкін. Мәселен еліміздің әр өңіріндегі 8 омарташы бірігіп құрған кооператив биылдың өзінде 100 тоннадай бал өндірмекші. Бірлесіп жұмыс істеуді арадан үйрендік деп әзілдеген омарташылардың жаңа бастамасы жайлы әріптесім Мәриям Бейсен баяндайды.

4. Сан саланы қамту агробизнестегі тиімді жол.

Қазір отандық ауыл шаруашылығы саласы келелі кезеңге қадам басуда. Агроөнеркәсіпт кешені тиімділігі төмен сектордан толымды табыс беретін агробизнеске айналып келеді. Бірақ, кез-келген бизнес сынды үнемі жетіліп, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндікке бірінші кезекте сан саланы қамтыған ірі агрофирмалар ие.